Орал қаласындағы тергеу ғимараты апатты жағдайда тұр

Орал қаласында екі колонияда еңбекке жарамды жазасын өтеушілердің 55%-і жұмыспен қамтылған.

«Еңбек» мекемесінен бөлек, мұнда 5 кәсіпкер өздерінің өндірістік цехтарын ашқан. Бүгін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қауіпсіздігі жоғары 28 ші түрмеде болып, бас бостандығынан айрылғандарды жұмыспен қамту жайымен танысты. Депутат колониядағы жұмыс берушілерді әлеуметтік кәсіпкер деп тану мәселесі жуырда  шешілетінін айтты. Сол кезде  темір тордың ар жағындағы іскер азаматтар түрлі салық жеңілдіктеріне ие болады. Әрі тендерге қатыспай-ақ, өнімдерін өткізе алады. Халық қалаулысы  Оралдың орталығындағы тергеу изоляторының апатты жағдайына назар аударды. Салынғанына 165 жыл болған ғимарат  қазір  құлағалы тұр. Ал Зашаған кентіндегі жаңа оқшаулау орынның құрылысы аяқталар емес.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ғимараттың өзі апатты жағдайда тұр. Көптеген камералары апатты деп танылып, адамды ішіне кіргізуге болмайды. Ішіне кіріп тұрып қарадық, төбесі былайша айтқанда құлап жатыр. Ағашпен тіреу жасап қойған, Жаңа тергеу изоляторының түрі анау. Орта жолда құрылысы тоқтап қалды. Қазіргі тергеу изояторының түрі осы. Бұл адам құқығының бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан бұл мәселе менің тарапымнан көтеріледі. Тиісті барлық құжаттар үкімет деңгейінде қаралатын болады.