Ұлытау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр

Ал Ұлытау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді.

700 ден астам әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл былтырғы дерек. Заң талаптары күшейтілгенімен, өңірде отбасы шырқын бұзатындар азаймай тұр. «Аталған мәселеге түгел қоғам болып қарсы тұруымыз керек», - дейді Қарақат Әбден. Мәжіліс депутаты өңірге сапары барысында Сәтбаев қаласындағы әлеуметтік орталыққа барды. Онда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетіледі. 2019 жылы қолданысқа берілген мекемеде былтыр жатын орын  көбейіп, қосымша кабинеттер ашылған. Былтыр 150 адам осы орталықтың көмегіне жүгінсе, оның 130-ға жуығы өміріне араша, жүрегіне жылу іздеген балалар екен. 

Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Депутат ретінде әрине заңмен жұмыс істейміз. Бірақ, тек Заңды реттеумен жұмыс бітпейді. Бұл терең мәселе.отбасымен жұмыс істеу керек. Ер азаматтармен жұмыс істеу керек. Балалармен жұыс істеу керек. Осы жерде әйелдер бір ай, әрі кетсе бір жарым ай болады екен. Осы жерден ол жан жақты көмек алып шығуы керек. Әрі қарай өмір сүру үшін.