Елде балаларға қатысты жасалған қылмыс көбейген

Елде балаларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың саны азаймай тұр.

Статистиканы сөйлетіп көрейік. Былтыр тек жарты жылдың өзінде ғана кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар Алматы, Шымкент және Астана қалаларында күрт өскен. Өңірлерде де жағдай мәз емес. Өйткені Маңғыстау облысында құқықбұзушылықтардың саны бірден 54 %-ке өскен. Бала мәселесіне салқын қарау Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан және Қостанай өңірлерінде де байқалады. Оны мына сандардан айқын көруге болады. Балаларға қатысты Алматы облысында 115 қылмыс, Түркістан облысында 114 және Алматы қаласында 106 қылмыс тіркелген.

Қылмыс деңгейі

Алматы - 34,2%

Шымкент - 25,9%

Астана - 7,7%

Маңғыстау облысы - 54,3%

Атырау облысы - 28%

БҚО - 19,6%

Ақтөбе облысы - 13%

Түркістан облысы - 3,6%

Қостанай облысы - 2,6%