Жетісу облысында 77 мың жасөспірімнің құқы қорғалды

Бұл – былтыр атқарылған іс.

Прокуратура органдары балабақша асханаларын тексеріп, көбінің санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай еместігін анықтады. Содан технологиялық карта жасалып, балалардың ас мәзірі қайта қаралды. Жасөспірімдерге қатысты жағдайды  жақсарту үшін құқық қорғау орындарының өкілдері мен облыстық білім басқармасы қызметкерлері мектептерде кездесулер өткізіп жүр. Бұл шара буллинг, өз-өзіне қол жұмсау, оқушылардың бірін-бірі бопсалауы секілді құқықбұзушылықтардың алдын алуға оң ықпал етеді, - дейді мамандар.

Облыста былтыр кәмелетке толмағандар арасында 28 қылмыстық іс тіркелген.