Еліміздің тоғыз өңірінде тас жолдар жабық

Еліміздің тоғыз өңірінде тас жолдар жабық

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше кешкісін республикалық жолдың 10 бағытында шектеу қойылды.

Коммуналдық қызмет, полицейлер мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Теміртау мен Қарағандыда қатты жел электр сымдарын үзіп кетіп, арнайы бригада оларды жедел қалпына келтірумен айналысты. Жолдарда жүздеген көлік кептеліп, ондағы жолаушылар жылы жерге жеткізілді. Таңға қарай күшті жел мен боран басылған соң жолда қалғандар авто колонамен жүре бастады. Ауа райы қалыпты. Мектеп оқушылары штаттық кесте бойынша сабақ оқиды деді білім басқармасындағылар. Ал жолда тазалық жұмыстары аяқталған соң, жолаушыларда кедергісіз жүре бастайды.