Ақмола облысында екі жүзден астам бала өмірлік қиын жағдайды бастан өткерді

Ақмола облысында соңғы жылдары 200-ден астам бала өмірлік қиын жағдайға тап болған.

Оларға арнайы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығында көмек көрсетілді. Жыл санап өңірде осы санаттағылар саны артып отыр. Ал балаларды оңалту мәселесі кешенді түрде шешілуі тиіс. Бұл туралы әлеуметтік орталыққа барған мәжіліс депуттатары айтты. Қиын жағдайға тап болған балалардың тізімі тек ішкі істер органдарында емес, жергілікті атқарушы билікте, медицина мекемелерінде де болуы керек,-дейді халық қалаулылары. Сондай-ақ орталықтағы қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі де талқыланды. Бірінші кезекте материалдық-техникалық базаны жаңғырып, қаржыландыруды көбейту қажет. Алдағы уақытта депуттаттар осы мәселелерді шешуге күш салатынына сенім білдірді.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қаражат мәселесін біз тек заң арқылы шеше аламыз. Енді қазір Мәжіліске қайтып келгеннен кейін осы сұрақтарды міндетті түрде шешуге тырысамыз. Ең алдымен Үкіметтің қорытындысы керек. Яғни қаржы министрлігімен бірлесе отырып, қандай да бір норманы қосуға болады немесе еңгізуге болады.