Өңірлерде 10 әлеуметтік жоба жүзеге асады

Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық, ажырасу, ерте жүктілік, кибербуллинг, құмар ойын, суицид секілді мәселелердің алдын алуға бағытталады.

Сондай-ақ отбасыдағы ер азаматтардың рөлін насихаттау да жоспарланған. Бұл жайлы «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жансая Бердімұрат баяндады. Айтуынша, елдегі ерлер қауымы бала тәрбиесінде тысқары қалатын көрінеді. Бұл өткен жылы өткізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болған. Перзентінің болашағына алаңдатушылық танытқан ата-аналардың 90% әйелдер құрапты.

Жансая Бердімұрат, «Senimen Bolashaq» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Өзім айтып кеткен 10 тематикалық линияларымызда бар. «Укрепление семьи» деп аталады. Одан басқа Қызылорда облысында «Жас отбасы» деген жоба өтеді. Оның жүріс барысын өзіміздің әлеуметтік желілерде айтып бастаймыз. Бітірген кезде қорытындасын айтамыз. Бұл жас отбасына, қазақстандық отбасыларды насихаттау мәселесі болып табылады.