Оңтүстіктен СҚО-ға 3 мыңға жуық адам қоныс аударады

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен 3 мыңға жуық адам қоныс аударады, деп хабарлайды 24KZ.

Соның ішінде 200-ден астам квота шетелден келетін қандастарға тиесілі. Облысқа көшіп келетіндерді 176 елді мекен қабылдауға дайын. Олардың бәрінде емхана, мектеп және жұмыс орындары бар. Жалпы соңғы 9 жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 15 мыңнан астам адам қоныс аударған. Дегенмен өңірде медицина, білім, ауыл шаруашылығы салаларында 7 мыңдай маман жетіспейді. Қоныс аударушыларды қаржылай қолдау мақсатында республикалық қазынадан 3,3 миллиард теңге бөлініп отыр.

Аман Төрегелдин, облыс бойынша Еңбек мобильдігі орталығының директоры:

- Қоныс аударғаны үшін материалдық көмек, ол 70 айылық есептік көрсеткішпен санасқанда 258 мың теңге бөлінеді бір азаматқа. Сосын экономикалық мобильдік сертификатын бөлдік. Ол үй сатып алу үшін. Айтады ғой, үйдің жарты бағасын 50%-ін мемлекет төлейді. Біреу үй сатып ала алмайды. Үйді жалға алады. Соған да төлейміз. 15-тен 30 АЕК төленеді. Жанұядағы кісілердің санына қарай. Қазіргі күні 55 мыңнан 110 мыңға дейін төлейміз.