Мемлекеттік қызметке тұру жеңілдейді

Бітіруші түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады.

Ол үшін білім деңгейі GPI 3,33-тен жоғары болуы шарт. Атаулы өзгеріс ауылға барып, еңбек етуге ниетті мамандарға қатысты. Бұл жайлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді. Айтуынша, бұл елді мекендердегі кадр тапшылығын реттеуге себеп болмақ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленгенін сөз етті. Енді салада қарқынды жұмыс істей алмағандар шеттетіледі. Ол үшін мамандарға арнайы бағалау еңгізілген. 2 мәрте қатарынан төмен көрсеткіш көрсеткен кадрлар жұмыстан босатылады. Ал 4 рет жоғары нәтиже алған азаматтарды қызметте сатылап өсіру қарастырылған.

Азамат Жоламанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттік қызметке конкурссыз, іріктеусіз кіру тәртібі жеңілдетілді. Тікелей агенттіктің келсімімен Б корпусының жоғары лауазымдарына тікелей тағайындау нормасы қабылданды. Алдағы уақытты толығымен HR-институтының жұмысын толыққанды іске асыратын боламыз. Бұл біріншіден, екінші өңірлерде өңірлік кадрлық резервке іріктеу жұмыстарын жүзеге асыратын боламыз.