Алматыда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Алматыдағы Кемел шағын ауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды 24KZ.

5 қабатты медициналық мекеме осындағы 12 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Енді ықшам ауданның халқы алысқа бармай-ақ терапевт, акушер-гинеколог, невропатолог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлерге қарала алады.

Құрылысқа 575 млн теңге жұмсалған. Амбулатория күніне 200 адамға медициналық көмек көрсетіп, кеңес бере алады. Жетісу ауданына қарасты Кемел шағын ауданының тұрғындары осы күнге дейін 7 шақырым жердегі емханаға қаралып келген. 

Ерлан Құдабаев, №21 қалалық емхананың бас дәрігері:

- УЗИ қондырғымыз бар 3 датчигімен және тағы да стоматологиялық қондырғы бар. Ол – хирургиялық және терапиялық стоматология. Физио бөліміміз бар, күндізгі стационарымыз бар. Осы жерге күніне 9-10 адам келіп, ем қабылдап кетеді.