Жер сілкінісі: 8 адам зардап шекті

Бүгін түн ауа болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шекті.

Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Мұндай ақпаратты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы беріп отыр. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.

Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр. Ал бес адам үйден жүгіріп шыққан кезде жарақат алыпты. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.