Алматыдағы жедел желі: 8 727 278 20 83, 8 727 278 20 84

Алматыда жер сілкінісіне байланысты жедел желі жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кеше түнде байланыс орталығына 377 қоңырау келіп түскен. «Негізгі жер сілкінісі Қырғызстан-Қытай шекарасында болды. Қазақстанда сезілген әлсіз дүмпу соның әсері», - дейді мамандар. Сейсмологтар ел аумағында жақын арада жойқын зілзала болмайды деп болжап отыр. Алматыда 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Олардың хабарлауынша, қалада ешқандай тонау деректері тіркелмеген.

Жансая Досымбекова, «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС обсерваториясының басшысы:

- Бұл көрші мемлекетте болған жер сілкінісі біздің елге жету себебі, біріншіден, жер сілкінісінің тереңдігі 5 км болды. Сонымен қатар оның күші 7 баллға жеткендіктен бұл барлық Орта Азия мемлекеттерінде сезіліп отыр. Алматы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқандықтан мұндай жер сілкіністері болып отырады және Алматы қаласына айтарлықтай қауіп әкеледі деп айтуға болмайды.