Жер сілкінісі туралы ақпарат. LIVE

Бүгін түнгі сағат 00:09-да Алматы қаласынан 264 км жерде Қырғыз және Қытай Халық Республикаларының шекарасында жер сілкінісі тіркелді.

Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы тіркелген жоқ. Республикалық жедел штаб құрылды, осындай штабтар аумақтарда да жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.