Азаптаумен күрес іс-шаралары

Темір тордың артына қамалған жандарды жазалағандар жауапсыз қалмайды.

Бұл бағыттағы іс-шаралар қазір ширап келеді. Нәтиже жоқ емес. Мұның сыртында құқық қорғау институттарының жұмысын жетілдіруге басымдық берілген. 

Айта кетейік, қазір елімізде 78 түзеу мекемесі бар. Олардың ғимараттарында  40 мыңдай бейнебақылау камерасы орнатылған. Яғни, сырттағы және іштегі іс-қимыл толық бақылауда. Өткен жылы прокурорлар азаптау дерегі бойынша 40 лауазымды тұлғаға қатысты 21 істі сотқа  жіберген.

Азаптаумен күрес іс-шаралары:

78 түзеу мекемесі

40 мың бейнекамера

40 лауазымды тұлға

21 іс

Мемлекет басшысы ішкі істер саласын реформалау мәсе­лесіне айрықша назар аударып келеді. Саладағы ре­форма түзеу мекемелерінің жай-күйі мен сотталушылардың жағ­дайына қатысты мәселені айналып өтпеді. Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жазасын өтеп жатқандардың құқықтарын сақтау маңызды екенін атап өтті. "Абақты дегеніміз – айыпты адамды жазалау орны ғана емес, адамның қайтадан қылмыс жасауына жол бермейтін мекеме болуға тиіс", деді Мемлекет басшысы. Президент құқық қорғау органдарының қызметі халық арасында бүкіл мемлекеттік жүйенің бет-бейнесі туралы түсінік қалыптастыратынын еске салды. "Біз өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлерді ескерусіз қалдырмауымыз керек. Әсіресе олардың нағыз ерлік істерін, жұмысын лайықты бағалап, ең жоғары наградалармен марапаттауымыз қажет. Кәсібилік, жауапкершілік танытқан, ерлік көрсеткен нақты жағдайларды үлгі ету, Ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру арқылы полицияның оң имиджін қалыптастыру маңызды", - деді Президент.

Цитата: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлерді ескерусіз қалдырмауымыз керек. Әсіресе олардың нағыз ерлік істерін, жұмысын лайықты бағалап, ең жоғары наградалармен марапаттауымыз қажет. Кәсібилік, жауапкершілік танытқан, ерлік көрсеткен нақты жағдайларды үлгі ету, ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру арқылы полицияның оң имиджін қалыптастыру маңызды.