Өңдеу өнеркәсібі: 180 жоба іске қосылады

Өңдеу өнеркәсібі өркендейді.

Ол үшін ел қазысынан 1,5 трлн теңге бөлінеді. Қаржы 180 жобаны іске асыруға жұмсалады. Нәтижесінде 18 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында айтылды. Жиында Үкімет басшысы сыртқы елдерден келетін тауарларды азайтып, шет мемлекеттерге шығарылатын өнім мен қызмет түрін көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев былтырғы бастамалар жайын баяндады. Оның айтуынша, 2023 жылы 930 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылып, 12 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.