Алматыда жасырын қару-жарақ табылды

Алматыда жасырын қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Әшкере болған заттардың арасында «Калашников» автоматы, тапанша, мылтық сияқты 30 қару және 5 граната, 10 түтіндету құтысы мен әртүрлі калибрдегі 221 патрон бар. Алдын-ала мәлімет бойынша бұл қарулар «Қаңтар оқиғасы» кезінде қолды болған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп жатыр.