Трансшекаралық су мәселесі қалай шешілмек? LIVE

Елімізде Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық ынтымақтастығы жөнінде келісім жобасы әзірленіп жатыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Отырыста трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және шекаралас мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы іс-шаралар жайы сөз болды.