Елордада мас жүргізуші полицейді көлігімен сүйреген

Елордада 23 жастағы мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйреген, деп хабарлайды 24KZ.

Хабарлама күндізгі уақытта түсіп, құзырлы органдар жедел Мәскеу мен Потанин көшелерінің қиылысына жеткен. Оны байқаған мас жүргізуші тоқтату талаптарын елемей, сытылуға тырысқан. Бірақ есікті ашпақ болған полицейді көріп, жылдамдықты арттырып, инспекторды жол бойымен 20-30 метрдей сүйреп әкеткен. Полиция қызметкері құқықбұзушының көлігімен арпалысып жүріп, оны салоннан алып шығарған. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарған. Әкімшілік кодекстің екі бабымен іс қозғалып, сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды. Ал көлік коммуналдық тұраққа қойылды.