Жезқазғанда жергілікті халық бюджет қаржысын бөлуге қатысады

Бұл шара «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында мүмкін болды.

Биыл осы мақсатқа бағытталған қаражат екі есе көбейіп, жарты миллиард теңгеден асты. Қалалық әкімдік қазір тұрғындардан онлайн ұсыныс жинап жатыр. Жобаның шарты бойынша, жалпыға ортақ нысан салу туралы өтініш қана қабылданады. Жобалық-сметалық құжатты тұрғындар өздері жасайды.   Сондай-ақ, бір жобаның құны 55 млн теңгеден аспауы керек. Тұрғындардың өтініші наурыз айының 1-іне дейін қабылданады. Комиссия таңдап алған жобалар келесі жылдың бюджетіне енгізілді.

Мария Талғарова, қалалық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Келесі іс-шаралар бойынша ұсыныстар қабылданады. Ол: ауммақтарды көгалдандыру, тротуарларды жайғастыру, арықтарды салу және жөндеу. Саябақтарды, скверлерді, жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыруға болады.