Ақмола облысында ондаған кәсіпкердің құқығы қорғалды

Ақмола облысында 160-тан астам тұрғын мен ондаған кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Мәселен, Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе ауылының халқы осы күнге дейін жер актісін өз қаражатына ауыстырып келген. Заң бойынша бұл қызмет қалалық әкімдік есебінен төленуі тиіс еді. Бұл іске Мемлекеттік қызмет істері департаменті араласқаннан кейін ауыл тұрғындарының талабы орындалды. Осыдан кейін жергілікті атқарушы орган өкілдері құжаттарды рәсімдеуге бюджеттен 1 млн теңге бөлді.

Нұрсұлтан Шытырынбек, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл жанағы есеп жергілікті атқарушы органдарының мәліметтеріне сәйкес, жылына Тайтөбе ауылынан шамамен 60-70 қызмет алушы жүгінеді екен. Бірақ олардың жағдайы көп болғанда 2024 жылға одан көп қаражат бөліп жатыр. Бірақ, кейінгі жылдары бұл қызмет түріне сұраныс болған жағдай да біздің ұсынысымызды және тұрғындардың сұранысын ескере отырып, қосымша қаражат бөлінуі мүмкін.