Ақтөбе облысында 22 су қоймасы салынады

Бес жыл ішінде Ақтөбе облысында 22 су қоймасы салынады.

Бұл жерүсті су ресурсын сақтап, бөгеттердегі қор көлемін 611 миллионнан 1 миллиардтан астам текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір мамандар өзен аңғарларын зерделеп, тиісті жоба әзірлеуге кіріскен. Су қоймаларының құрылысы 2025 жылы басталады. Кешенді жоспар жүзеге асырылса, аймақтағы суармалы алқаптарға 49 мың гектар жер қосылады.

Жомарт Бақыткелдіұлы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а:

- Барлық ауданды бірдей қамту көзделіп отыр. Себебі көктемгі еріген қар облыс аумағында қалмай, көрші аймақтарға ағып кетеді. Ендігі мақсат тоғандар мен жасанды көлдерде сақтап, суармалы алқаптардың көлемін арттыру. Орман-тоғайларға ылғал жеткілікті болады.