Түрмені тесіп шығатын қылмыскер көбейген

Елімізде тәуелсіздік алғалы жазасын өтеушілерге арналған бірде-бір жаңа мекеме салынбаған.

Салдарынан түрмеде жасалатын қылмыс саны көбейген. Сотталған азаматтар құлау алдында тұрған ғимараттардың қабырғасын тесіп, әйелдер жаққа өтуде. Одан бөлек, 2021 жылы Маңғыстау облысындағы қатаң режимдегі колонияда жүзден астам жазасын өтеуші теріс діни ағымдарды кеңінен насихаттап, колонияны құлатқан. Үш адам үйінді астында ажал құшты. "Осындай дерек көп", - дейді мәжіліс депутаты Абзал Құспан. Елімізде қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 1500-дей ғимарат болса, соның 60 пайызы қанағаттанарлықсыз. Ал 20 пайызы, яғни 338 ғимарат апаттық жағдайда екен.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірақ түрмелердің ең ескісі ол емес. Өскемен қаласындағы тергеу изоляторы 18 ғасырдан бері қолданыста. Асылыда бұлар түрме емес, музей қызметін атқаратын ғимараттар. Орал қаласында бұдан 11 жыл бұрын мемлекеттен қаржы бөлініп, 23 гектар аумақта жаңа тергеу изолятордың құрылысы басталған болатын. Алайда орта болдан, жергілікті прокуратура құрылыс аяқталмаған объектіден 1,5 миллиардқа шығын тауып, компанияның атқарушы директорын соттап, нәтижесінде құрылыс қаңтарылып қалды.