Қызылорда облысында күріш алқабының көлемі қысқарады

Қызылорда облысында күріш алқабының көлемі бес мың гектарға қысқарады.

Бірақ аз егіп, мол өнім алуға басымдық беріледі. Ол үшін тың агротехнологияларды кеңінен енгізу жоспарланған. Мысалы, биыл лазерлік тегістеуден өткен егіндік жер көлемін 68 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Осылайша 15 пайыз суармалы суды үнемдейді. Мұнан бөлек, қысқа мерзімде пісетін, қолданыстағы сорттармен салыстырғанда 10 центнерге дейін өнімі артық болатын күріш тұқымдарын шетелден сатып алуға келісім жасалған. «Су арналарына автоматтандырылған құрылғылар орнату арқылы тіршілік нәрінің әр текше метрін есепке алу, тамшылатып суару технологияларын енгізу секілді шетелдік компаниялармен бірге жүзеге асатын жобалардың да тиімділігі мол»,-дейді мамандар.

Самалбек Қосанов, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

- Суды үнемдеуге септігін тигізетін дақылдарға көшудің бір қиындығы – бұл жерде оның көпшілігі қолмен жасалады, яғни миханикаландырылмағандықтан көпшілік диқандар одан қашатын себебі сондықтан. Дақылдарды егуден бастап, жинауға дейінгі аралықтағы миханикаландыруға көшкен жағдайда, бұл диқандардың бетін бері қаратып, суды одан екі немесе үш, төрт есе аз пайдалануға мүмкіндік береді.