Балалар шотына қанша қаржы жиналады?

100 доллар 52 цент. Балалар шоты Ұлттық қордың есебінен, осынша қаржыға толықты.

Мемлекет мезі-реті 7 млнға жуық балдырғанға түскен. Оның 300 мыңнан астамы 18-ге биыл толады. Әу баста жауаптылар әр балаға 150 доллардан беріледі деп болжаған еді. Алайда атқамінерлер есептен жаңылған сияқты. Қаржы вице-министрінің айтуынша, балалар саны өсіп, 695 млн доллар бәріне теңдей бөлінген. Есесіне түсім, жылдан жылға арта береді. Сөйтіп 18 жыл ішінде әр баланың шотына уәде етілген 3,5 мың доллар жиналады.

Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Әу баста балалардың саны 6 млн 400 мың болатын. Қазір олар 6 млн 900 мыңға жетті. Ал бөлінген қаражаттың сомасы 695 млн доллар. Бұл жай ғана арифметика. Дегенмен келер жылы бөлінетін қаражат арта түседі. Қазір түскен қаржы да бос жатайды. Бағдарламаның шарапатын 18 жыл бойы үздіксіз қаржы алып келген балалар толық көреді.