ШҚО су тасқынына дайындықты күшейтті

Шығыс Қазақстан облысы су тасқынына қарсы жоғары дайындыққа көшті.

Бұл мақсатқа екі мыңнан астам құтқарушы, полицейлер мен өзге де шұғыл әрекет ету қызметінің өкілдері жұмылдырылды. Себебі жерге қатқан тоңның қалыңдығы мен ауа температурасының күрт төмендеуі тасқын қаупін күшейте түскен. Елді мекендерде қауіпті жерлер анықталып, алдын ала техникалар жөнелтіледі. Су тасқынымен күресуге 222 мотосорғы, 60 қайық және 700-ден астам арнайы техника сақадай сай тұр. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін жол талғамайтын көліктер мен жедел жәрдем қызметі іске кіріседі. 17 мың адам сыятын эвакуациялық пункттер әзірленді. «Бірақ мұндай жағдай туындай қоюы екіталай. Өйткені қалалар мен елді мекендерден 50 мың текше метрден астам қар шығарылды. Ал өзен арнасы мен қойнауларына жаңа бөгеттер салынады», – деді мамандар.

Қуатбек Кенжебекұлы, ТЖД бастығының орынбасары:

- Жанар-жағармай, барлық құрал-күштер бүгіннен бастап әкімнің қаулысымен жоғары режимді төтенше жағдай жұмысына көшті. Аязды ауа райына байланысты ол жерге жаңағы мұзды жару шаралары осы жақында, ақпан айының ортасынан немесе аяғынан қазір анализ жасалғаннан кейін белгілі болады. Соны жару мәселесі бойынша тоже қарастырылып жатыр.