Жамбыл облысындағы 100 жылдық тарихы бар басылым

Жамбыл облысында 44 газет болса, оның екеуі 100 жылдық тарихы бар басылым.

Қос газет тілшілері халықтың мұң мұқтажын жазып, елдегі елеулі өзгерістерді назардан тыс қалдырған емес. Мерзімдік басылымдар бүгінде заман талабына сай өзгерген.

Станислав Манько баспа саласында 40 жылдан бері жұмыс істейді. 105 жылдық тарихы бар облыстық «Знамя труда» газетінде дизайнер. «Бүгінде баспа саласында заманауи технология кеңінен қолданылады», - дейді Станислав. «1980 жылы  жұмысқа қабылданғанда, журналистер мәтінді қаламсаппен жазатын. Сол мәтінді машинистер теріп, одан соң ғана баспаға жеберетінбіз», -дейді дизайнер.

Станислав Манько, «Знамя труда» газетінің аға дизайнері:

- 35-40 жыл бұрын баспаханада мәтінді теретін арнайы мамандар болатын. Олар мақаланың әр сөйлемін жеке-жеке қойып, сиясын құйып отыратын. Одан кейін ғана сөйлемдер салынған жолақтарды арнайы үстелге біріктіріп қағазға басатын. Ол кезде мамандар көк-қара халатта сия-сия болып жүретін. Қазір бәрі өзгерген. Жаңа технологиямен жұмыстар жеңілдеді.

Облыстағы ғасырлық тарихы бар басылымның бірі – Ақ жол газеті. Алғашқы саны 1922 жылы «Кедей еркі» деген атпен шыққан. Басылымда әр жылдары Ғайса Сармузин, Баттал Жаңабайұлы, Арғынбай Бекбосын сынды елімізге белгілі көрнекті ақын- жазушылар мен журналистер жұмыс істеді. Бүгінде Әулиеатаның үні болған облыстық газет 8 мың таралыммен, аптасына 3 рет мемлекеттік тілде жарық көреді.

Хамит Есаман Облыстық, «Ақжол» газетінің бас редакторы:

- Газет заман талабына сай бейімдеуге қысқа да нұсқа жазуға түсінікті тілде оқырманға барлық ақпаратты жеткізуге шамамыздың жеткенінше күш салып отырмыз. Заман талабына сай бейімделіп мына газетті қағаз түрінде шығарудан бөлек, жалпы газеттің бірінші бетіне жоғары жағына QR код орналастырдық. Бұл жерден кез келген оқырғаман газеттегі ақпаратты фотосуретіменен көре алады. Сондай-ақ Ақжол газетінің сайты жұмыс істейді.

Түрлі жерден ақпарат жиған тілшілердің мақаласын дизайнерлер басылып бетіне жинақтап, баспаға ұсынады. Ал мұндағы мамандар мынадай заманауи құрылғы арқылы газетті әп сәтте басып шығарады. Небәрі 15 минуттың ішінде 4 мың газет таңбаланып, әрі қарай оқырманға таратылады.

Кеңес үкіметі тұсында облыстық газеттер «қазақ мектептерін ашу керек» деген мәселені көтерді. Жазықсыз жала жабылған Дінмұхамет Қонаев, Асанбай Асқаров сынды ұлт зиялыларына да араша түсті. Қазіргі таңда да басылымдар бағытынан айныған жоқ. Тілшілер тарихи мәдени, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы мен қатар ел ішіндегі түрлі мәселе жайында мазмұнды мақалаларын жариялап жүр.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә