Қарағандыда бұралқы иттердің саны күн санап көбейіп келеді

Мұны тек қарапайым тұрғындар ғана емес, сала мамандары да мойындап отыр.

Оған себеп - екі жыл бұрын қолданысқа енген «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасы. Негізінде жаңа норма төрт аяқтылардың санын реттеп, оларды ортақ жүйеге енгізіп қоюға мүмкіндік беруі керек еді. Бірақ іс жүзінде жағдай басқа.

Халқымыздың ұғымында жеті қазынаның бірі саналатын мына қазақы төбет қараусыз қалып, Қарағандының көшелерін кезіп жүрген кезде полицейлер ұстап зоо белсенділерге тапсырған. Мойнында қарғыбау - иттің иесі бар екенін білдіреді. Бірақ тиісті чип болмағандықтан оны табу мүмкін емес. Салдарынан итті бос жібергені үшін жауапкершілікке де тартылмайды.

Инна Радченко, «Дари добро» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Заң шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізілмейді. Жоғалған итті тауып алған адам қайда бару керек, кімге хабарласу керектігі туралы көрнекі ақпарат жоқ. Салдарынан біз бұралқыларды ғана емес, осындай асыл тұқымды иттердің де қараусыз қалғанын көріп жүрміз. Оның иесін тауып, жазаға тарту мүмкін емес. Заң осал.

Қарағанды ветеринарлық станциясына күн сайын қараусыз иттен жапа шеккен 5-6 адам хабарласады. Елдің Оқу-ағарту министрлігінің дерегі тіпті адам шошырлық. Олардың ақпаратынша, өткен жылы 80 адам қаңғыбас иттен зардап шексе, 3 бала таланып қайтыс болған. Сондықтан депутаттар заң жобасының шикі тұсы көп дейді.

Бейбіт Жұмабеков, Қарағанды қалалық мәслихат депутаты:

- Мағанда әріптестеріме де көп шағым кеп түседі. Мектеп, балабақша маңында қаңғыбас иттердің көп жүруі өте қауіпті. Заңдағы өзгеріс онсызда бар жағдайды одан сайын қиындатты ма деп ойлаймын. Өйткен бүгінгі таңда бұл кісілер ұстайды ветинспекция, стерилегеннен кейін қайтадан жібереді. Әлгі ит қайтадан сол жерге келеді. Ол ертең қауіп төндірмесіне кім кепілдік береді?

Қаңғыбас иттің нақты санын ешкім білмейді. Оларды ұстап зарарсыздандыру және піштіру жұмыстарын ветеринарлық станция мамандары жүргізген. Аталған жұмыстар жеке клиникаларды өткізілді. Нәтижесінде 2 мыңға жуық ит ресми таңбаланып, тіркеуге алынған.

Қайырбек Тұрсынбеков, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Конкурсты біз 3 рет өткіздік, әсіресе уақытша ұстау бағытында. Үш рет жарияланғанымен әлеуетті өнім берушілер анықталмады. Бірақ осы бағдарлама жүзеге аспады. 78 млн қаралған болатын облыс көлемінде. Сол себепті біз жалпы қараша айының сессиясындағы бюджет қарауында 146 млннан 108 млн-ды қайтарып беріп, жыл қортындысымен 38 млнға жоспарға жеткіздік.

Бұл Қарағандыдағы қаңғыбас иттерді уақытша ұстау орыны. Мұнда 24 орын бар. Бұралқы иттер осында зарарсыздандырылады, вакцина егіледі және таңбаланады. Конкурстық шаралар өтпегендіктен қазір бос тұр. Мамандар 24 орын өте аз екенін мойындайды. Оның үстіне қысты күндері зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.

Болат Такиров, Қарағанды ветеринариялық станциясының фельдшері:

- Мұндай үйшіктердің кем дегенде 100 данасы болуы тиіс. Оның екі қатарын жылытылған ангар кейпінде жасау керек. Сонда біз қыс мезгілінде де оларды піштіріп, стерилиздеу жұмыстарын жүргізер едік. Ит дегенің күн сайын көбейетін жануар. Олардлың арасында тарайытн құтырма аса қауіпті ауру. Егер біреуі ауырып, басқасын тістесе, онда бәрін жоюға тура келеді. Агрессивті иттер көп. Оларға тістелгендерден де шағым көп келеді.

Ветеринарлық станция фельдшерлері еуропалық стандарттарды арман еткенде, облыс орталығынан өзге өңірлер тіпті осындай орынға да зар. Уақытша ұстау орындары әзірге тек Қарағанды қаласына қарасты 4 аудан мен Қарқаралыда ғана бар. Негізінде әр елді мекенде осындай бір орын болуы тиіс.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар