Петропавлдағы ғимараттарда мүгедек жандарға жағдай жасалмаған

Солтүстік Қазақстан облысындағы мекемелерде мүгедектігі бар жандарға жағдай жасалмаған.

Арнайы тексеріс кезінде 300-ден астам кемшілік анықталды. Ауылдарды айтпағанда, қаланың өзінде тиісті талаптар сақталмайды. 

Оксана Борисова 3 жыл бұрын мүгедек ретінде баспаналы болды. Бірақ бірінші қабатта тұрса да үйіне зорға кіріп шығады. Өйткені кіреберестегі пандус істемейді. Бұл жалғыз кедергі емес. Ол үшін дүкен, дәріханалар да қолжетімсіз.

- Здравсвуйте, а я вам звонила в кнопку. Она не работает у вас?

– Не знаю, я не слышала, не было зваонка.

– Ну, получается что он не работает... 

Мүмкіндігі шектеулі жанды мазалайтын тағы бір мәселе – автобус. Қаладағы қоғамдық көліктердің пандусы бар болса да істемейді. Сондықтан осылай міне алмай аялдамада аялдап қалады.

- Кондуктор. В данное время пандуса нет. Вообще нет?

- Сломался.

- Давно?

– Нет...

Оксана Борисова өмірде өте белсенді. Екі жыл бұрын тұрмыс құрған. Мемлекетке масыл болып отырған жоқ. Мейрамханада кассир болып жұмыс істейді. Бірақ өзіндей жандарға жаны ашиды.

Оксана Борисова, қала тұрғыны:

- Автобустардың пандусы істемейді. Әйтеуір адамдар көмектесіп мінгізеді. Жолаушылар көп болса, орын жоқ. Онда келесісін күтуге тура келеді. Кейде аударылып қаламын. Менің ойымша, қаладағы нысандардың 10 пайызы қолжетімді. 

Оның бұл сөзімен қоғам белсендісі Ақжан Кәрім де келіседі. Оның айтуынша, Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға толыққанды жағдай жасалмаған.  

Ақжан Кәрім, мүгедектер бірлестігінің төрағасы:

- Өкінішке орай, көбі пандуспен ғана шектеледі. Ал көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамда мүлде ұмыт қалады. Кей нысандарда қарапайым талаптардың өзі орындалмайды. Соған қынжыласың.

Қынжылатын жөні бар. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарында мүгедектерге қатысты 300 - ден артық талап орындалмаған. 

Гаухар Ғабдуллина, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

- Жиі кездесетін бұзушылықтар, олар: орнатылған пандустардың параметрі сәйкес келмейді нормаға. Өте биік болады. Немесе ұзындығы келмейді. Ені тар болады. Және кіреберіс баспалдақтардың жоғары, өте жоғары, ыңғайсыз болады. Кіреберіс есіктерде табалдырық биіктеу болады. Және кірбереіс есіктің ені өте тар болады.

Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар 25 мыңға жуық адам есепте тұр. Дені ауылда. Бірақ олар үшін көптеген нысан қолжетімсіз. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков