Бірқатар өңірде республикалық жолдар жабылды

Еліміздің бірқатар өңірінде бүгін ақтүтек боран ұйытқып тұр.

Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Атап айтсақ, Қызылорда-Павлодар, Қарағанды-Павлодар және Қарағанды-Шідерті бағытында көлік қозғалысы шектелді. Мамандар күн райының қолайсыздығынан алыс сапарға шықпауды ескертеді.