5 өңірде жолдың кей бөліктері жабылды

Елдің бірқатар аумағында боран соғып тұр.

Осыған байланысты 5 облыста  республикалық маңызы бар бірқатар тасжол жабық. Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелді. Өйткені бұрқасын соғып, кей тұста тұман түскен. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта жол бойында 189 техника мен 238 адам жұмыс істеп жатыр. Мамандар жолаушыларға алыс жолға шықпауды ескертеді.