Дәрігерлер уақытты 1 сағат кері жылжытуды құптайды

1 наурызға қараған түні біз де уақытты 1 сағат кері жылжытамыз.

Жылжытпайтын Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары ғана. Сөйтіп, сол сәттен бастап елде бірыңғай уақыт белдеуі қолданысқа енеді. Сауда және интеграция министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобы бұл әдістің тиімді тұстары көп екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, сарапшылар экономика және энергетика салаларына оң ықпал ететінін айтса, дәрігерлер «адамның денсаулығына пайдалы» дейді.

Бағай Назарбайұлы, терапевт-дәрігер:

- Егер уақыт бойынша жағрафиялық құрылым бойынша дұрыс есептелмесе, ол түрлі аурулардың келуіне себепші болуы мүмкін. Мысалы, созылмалы аурулар, сонымен бірге қатерлі ісіктер, адам ағзаларының қалыпсыз күйге түсуі. UТС+5 уақыты дұрыс деп қарап жатырмыз ғой. Онда ол тиімді болады.