Кәсіпкер 4 жылға сотталды

«Алтын Орда» базары басшысының бұрынғы орынбасары Эрмек Мархабаевқа қатысты сот үкімі шықты.

Кәсіпкер есірткі заттарын қолданып, тасымалдады деген күдікке ілінген. Бұл істі Қарасай аудандық соты 8 ай бойы қарады. Мархабаевтың туыстары сотқа бірнеше рет шағымданып, тергеу барысында айыпталушының құқы бұзылғанын айтты. Бірақ сот арыз-шағымдарды негізссіз деп танып, кәсіпкерді 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар одан 400 мың теңге өндіріледі. Бұл шешімге Мархабаевтың өкілдері қарсы. Енді олар аппеляциялық сотқа жүгінбек.

Мәди Көшікбаев, Қарасай аудандық сотының судьясы:

- Сотталушы Мархабаев аса үлкен көлемде есірткі заттарын сақтап, тасымалдады. ҚР Қылмыстық кодексінің 52 бабы, 2-3 тармақтары бойынша қылмыс жасаған Эрмек Мархабаев 4 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сот айыпталушының кәмелет жасқа толмаған баласы барын ескерді.