6 өңірде боран соғып тұр

Бірқатар өңірде боран соғып, қатты жел тұрды.

Шығыс, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жеткен. Маңғыстау облысында да жел көтерілді. Ал Алатаудың бөктеріне қалың қар жауды. Алматының оңтүстігін тұман басып, қатты жел соғады, - дейді синоптиктер. Сондықтан мамандар ел тұрғындарын алыс жолға шығарда абай болуға шақырды.