Ақтауда ірі көлемде қаржы жымқырған алаяқ ұсталды

Ол сыбайластарымен бірге тұрғындардың сеніміне кіріп, автонесие рәсімдеуге уәде берген.

Қаражатты қалтаға басқанда ізін суытып отырған. Алаяқтар осындай жүйемен 231 адамды сан соқтырып кеткен. Жымқырылған сома 3 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл оқиғалар бойынша 2022 жылы қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған.

Нұрлан Аманиязов, Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Күдікті тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару, белгілі қызметті атқаруға өмір бойына айыра отырып, 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.