Шығыста игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды

Шығыста игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды

Шығыс Қазақсан облысында бір айдың өзінде 5 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды.

Осыған дейін Ұлан, Тарбағатай, Қатон-Қарағай аудандарындағы алқаптар игерілмей, бос жатқан. Ал былтыр 125 мың гектар жер мемлекетке өтіп, жайылым тапшылығы айтарлықтай жойылған. Қазір Шемонаиха ауданында шекараға жақын 28 жер учаскесін қайтару процесі жүріп жатыр. Ал Самар ауданында шетелдік компанияға рәсімделген жер сотпен тәркіленді.

Надежда Михейлис, жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Самар ауданында 4 мың гектар жер сотпен қайтарылды. Себебі заңды тұлғаның жарғы капиталында шетелдік компаниялар бар. Ал бұл біздің еліміздің заңнамасына қайшы.