Өскемен - Талдықорған бағытындағы жол құрылысы биыл аяқталады

«Өскемен -Талдықорған» автожолының ұзаққа созылған құрылысы биыл аяқталады.

«Қазавтожол» мекемесінің Абай облыстық филиалының мәлімдеуінше, жол 80% дайын. Енді асфальт пен бетон жабындысын төсеп, арнайы белгілерді орнату керек. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын әзірлеу жұмысы жүріп жатыр. Жоба қараша айында аяқталуға тиіс. 731 шақырымдық жолда 6 көпір, 3 жол айырығы салынады. Осы республикалық маңызы бар жолдың құрылысы 7 жыл бұрын басталған еді. Оған бюджеттен 196 миллиард теңге бөлінген.

Айдын Ескенов, "ҚазАвтоЖол" ҰК Абай облыстық филиалының директоры:

«Ковид кезеңі болды, ковидтан кейінгі кезең қымбаттаушылық болды, қайта түзетушілік болды жобаларды. Былтырдан бастап толыққанды жұмыс істелініп, осы біздің облыс бойынша асфальттау жұмыстары жүргізілген, биылғы соңғы асфальтты салып аяқтағаннан кейін жобаны аяқтап іске қосу жоспарда. Қаражат бар мердігерлер бар жұмыс кезеңінде бізде 1500-ге дейін азаматтар жұмысқа тартылады».