Шығыста су жүрді

Шығыста қар еріп, біраз ел әбігерге түсті.

Зайсан қаласында су ағып жатыр. Бірақ үй-жайға қауіп болған жоқ дейді, төтенше жағдайлар қызметі. Құтқарушылармен қатар шекара қызметі мен полиция да бақылауды күшейтіп, судың ағысын бағамдап отыр. Катон-Қарағай ауданына қарасты Жұлдыз және Көкбастау ауылы маңында да су жүрген. Мамандар техника, мотопомпа жұмылдырып, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтады.