Алматыда заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды

Алматыда заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды

Жеке тұлғаларға сатылған бұл учаскілерде коммерциялық нысандар болған.

Құны 700 млн теңге болатын жер телімдері жеке тұлғаларға заңсыз сатылыпты. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады. 2021 жылы қоғамдық іс-шаралар кешенін салу үшін берілген жерге техникалық үй-жай тұрғызған. Ал 2020 жылы Медеу ауданында жергілікті атқарушы орган жауапкершілігі шектеулі серіктестікке аукцион өткізбестен жер телімдерін берген. Коммерциялық мақсатқа берілген учаскелер осы уақытқа дейін игерілмегені анықталды. Прокуратура актісімен жылжымайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.