Елордада балабақша директоры сотталды

Бұл туралы «Алматы» ауданының прокуратурасы мәлімдеді.

Айлакер басшы құйтырқы ісін балаларды табельдеу кезінде жүзеге асырған. Балабақшаға бармағандар үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырып отырған. Негізсіз төлемдер 2 жыл бойы алыныпты. Мемлекетке 8,5 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. 3 жылға сотталған директор коммерциялық ұйымдарды басқару құқығынан да айырылды. Ал мемлекетке келтірілген залалы толық өтелді.