Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

Оңтүстік өңірлерде көктемнің нышаны біліне бастады.

Күннің жылынуынан Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр. Алғашқы гүлдер табиғаты ерекше қорғауға алынған «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» аумағында байқалған. Сондай-ақ Қаратау жоталарында өсіп шыққан. Табиғат қорғаушылар бұл құбылысты күн райының жылынуынан болған қалыпты жағдайға балап отыр. "Бұл көктемнің алғашқы белгісі деп білеміз. Бәйшешек суыққа бейімделген гүл. Қар жауып, күн суытып жатса үсімейді. Биыл ауа райы салқындау болғандықтан сәл кештеу бүр жарды. Өткен жылы бәйшешек қаңтар айында гүлдеген болатын" дейді. Мамандар енді аз күнде қала мен ауыл-аймақтарда да бәйшешек гүлдейтінін айтып отыр.