Елде шетелдік тәжірибе негізінде орман шаруашылығы мамандары даярланады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қытайдағы іргелі университетпен келісім жасалғанын айтты.

Оның аясында Петропавлда арнайы зертхана ашылады. Магистратура және докторантура деңгейінде кадрлар оқытылады. Сонымен қатар қазір америкалық жоғары оқу орнымен де келіссөз жүргізіліп жатыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Біздің мақсатымыз қазір - Қазақстанда шетелдік стандарттарға негізделген бірнеше мықты орман шаруашылығы саласындағы ғылыми және оқу орталықтарын ашу. Неліктен Қытай, өйткені Қытайда 2 трлн ағаш егілді. Ауқымды бағдарлама, өте табысты бағдарлама.