Қызылорда облысында 24 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Қызылорда облысында 24 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған.

Мемлекеттік мекемелер нақты жоспарсыз бюджеттік өтінім жолдаған. Бөлінген ақшаның мақсатсыз жұмсалуына жол берген 753 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Одан бөлек есеп-қисапты дұрыс жүргізбеген 300-ден астам маманға айыппұл салынды. Бақылау органдарының араласуымен 137 миллион теңге мемлекетке қайтарылды. Өңірдегі 150-ден астам нысанға аудит жүргізген тексеру комиссиясының өкілдері заңбұзушылықтар көбінесе ауыл шаруашылығы, білім, спорт, денсаулық саласында тіркелгенін айтады.

Мұса Қалдарбеков, облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы:

- Жалпы аудит обьектілерін тексеру нәтижесімен 1114 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Ол уәкілетті органдарға берілді. 90-дай нұсқама шығардық. 204 тапсырма берілді. Ол тапсырманың бәрі бақылауда. 2024 жылы тексеру комиссиясы 24 шара қарастырып отырмыз. 150 млрд тг қаржысын қамтитын боламыз.