Шымкенттік ғалымдар астық өнімділігін арттыратын ғылыми жаңалық ашты

Өңделген 18 түрлі дәнді дақыл шаруашылықтарда сынақтан өткізіліп, өнім 50% дейін көп жиналған.

Жобаның ерекшелігі сол тұқымды егін алқабына сеппестен 1 ай бұрын арнайы құрылғының көмегімен сәулелендіреді. Кейін белсенділігі артқан астыққа ешқандай тыңайтқыш қолданбауға да болады. Профессор Әбдімәлік Әшіровтің айтуынша бұл әдіс қоршаған ортаға, топыраққа да зиян келтірмейді. Сондай-ақ дайын өнім мутациялық өзгерістерге ұшырамайды. Ғылыми жаңалық бұған дейін әлемнің 10 елінде сынақтан өткен. Биыл Литва, Польша және Қытай елінің шаруаларымен келісім жасалды.

Айта кетейік, жобаны жүзеге асыруға Ғылым қоры қолдау көрсетіп, 200 миллион теңге грант бөлген.

Әбдімәлік Әшіров, техника ғылымдарының докторы, профессор:

- Крахмал мен декстрині бар дәннің ішінде. Гидролиз пайда болғаннан кейін глюкоза фруктозаға айналады. 128 шарушалықта жұмыс істеп өзіміздің технологиямызды дәлелдік. Қазір 7 облыста жұмыс істеп жатырмыз.