Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

Ертең Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді.

Жаттығу сағат 10:00-де басталады. Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Шараның негізгі мақсаты қала тұрғындарының жер сілкінісі болған жағдайда абдырап қалмай, дұрыс іс-әрекет жасап, қауіпсіз орындарды алдын-ала анықтап, дабыл дорбасын дайындауға үйрету. Жыл басынан бері Алматыда әлеуметтік нысандарда 191 жаттығу өткізілді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, бұл сейсмикалық жаттығуды жойқын жер сілкінісі болады деген негізсіз ақпаратпен байланыстырмауды ескертті. Айта кетейік, сейсмологиялық болжам бойынша 2024 жылы республика аумағында жойқын жер сілкінісі болмайды.

Нұрлан Атығаев, қалалық ТЖД бастығы:

- Сейсмикалық жаттығулар өткізілетін күні, сирена электр дабылдарын қосу арқылы, телеарна радиоарналарды автоматты түрде қамтуымен, қалалық хабарландыру жүйесі, іске қосылады. Жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша, жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ төтенше жағдайларына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқу-тренигтері өткізілуде.