ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері 68 көлікті заңсыз тіркеген

ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері 68 көлікті заңсыз тіркеген

Азаматтарға арналған үкіметтің Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен келісіп, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді тіркеген.

Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады, делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.