Бейнеу ауылындағы дәмхана иесі сотталуы мүмкін

Бейнеу ауылындағы дәмхана иесі сотталуы мүмкін

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында адамдардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Фастфуд орталықтың қожайыны сотталуы мүмкін. Қазір асханадағы тамақ құрамы лабораториялық тексеріске жіберілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң, процессуалдық шешім қабылданады, дейді полицейлер.

Еске сала кетсек, Бейнеу ауылында тапсырыспен пицца, суши алдырған 37 адам ұшынып қалған. Қазір аудандық ауруханада 27 адам емделіп жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты. Арасында жүкті әйелдер мен балалар бар.

Айболат Мұрзашев, ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы:

- ҚР қылмыстық Кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен тіркелді, яғни санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Үлгілерге байланысты қорытындылар әлі күтілуде. Қылмыстық іс жалғасуда. Басқа мәліметтер қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сай жарияланбайды.