Қазақ әскерінің әлеуеті

Бүгінде еліміздің Қарулы Күштері заманауи технологияларды қарқынды түрде қолдануға көшті.

Бұрынғы ескі қағаз карталар мен өзге де керек-жарақтар сандық жүйеге ауыстырылып, сарбаздарға талап күшейтілді.

Виртуалды шынайылық. Осындай тың технологиямен қазақ сарбаздарды күрделі операцияға барар алдында дайындалатын болады. Жаттығады, шыңдалады. Бұндай жүйе қазір Түркия, АҚШ сынды мемлекеттерде жиі қолданылады. Енді біздің қарулы күштер де бұл технологияны меңгеріп, игілігін көреді.

Сәбит Сейсенғалиев, ҚР Қорғаныс министрлігі департаментінің аға офицері:

- Практика жүзінде, іс-жүзінде қолданып көрдіңіздер ма? Бір күрделі операция жасау керек болған кезде алдын ала картамен жүріп өтіп. Иә, негізінде қазіргі оқу-жаттығуларда пайдаланылады осы технологиялар. Қазір олар заманауи технология болып табылады ғой. Содан кейін аэроғарыштық түсірілімдерді қолданамыз. Сол виртуалдық шындық технологияларын қолданамыз. Яғни, сарбаздар шынайы операцияға шықпас бұрын осы виртуалды өтіп алады, ең бірінші машықтанып. Иә, Тренажерлар ретінде өзі қолданылады. Бұл қашаннан бері жүйе істеп тұр бізде? 1-2 жылдай болып қалды.

Әскери топографтар – армияның көзі саналады. Сондықтан бұл бағыт қазір қарқынды түрде цифрландыруға көшіп жатыр. Қарулы күштердің қолданысына енгелі тұрған ендігі бір таптырмас құрал – ол голографиялық карта. Мұны негізінен командирлер мен жоғары басшылық қолданады. Яғни, ұрыс даласын бұрынғыдай қағаз картада сызбай, сандық жүйеде құрып, дұрыс тактиканы таңдай алады.

Шаяхмет Аширов, ҚР Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары

- Бірнеше адам жан-жағында тұрып, жаңағы сюжетті қарауға болады осы жерде көрсетіліп отырған. Сондықтан 5-6 көзілдірік қарастырылған. Сондықтан мынау орталық көзілдірік болып табылады. Қалғандары мысалы осындай көзілдірікпен осы сценарийді көре алады. Тактикалық жер бедерінің жағдайларын көрсетіп, кімнің қай жерде тұрғанын қалай шабуылдау керек екенін. Қайда бару керек екенін, біздің қарсыластарымыз қайдан келе алатынын соның барлығы осы жерде анық-қанығымен көрсетуге болады.

Түрлі тың технологияларды енгізудің арқасында ел әскерінің беделі де, қауқары да артып келеді. Мұны халықаралық рейтинг те дәлелдеп отыр. Мәселен, өткен жылы Global Fire-power порталының әскери әлеует деңгейі бойынша жылдық рейтингінде

Қазақстан 145 мемлекеттің ішінде 58-ші орынға шықты. Әуселесі мықты әскерде мерзімді борышын өтеймін дегендердің де қатары артып келеді. Биылғы көктемгі шақыру науқанында 20 мың бозбала қолына қару алып, Отан алдындағы борышын өтейді деп жоспарланған. «Міндетін атқарып келген жастар кейін жоғарғы оқу орындарына еш қиындықсыз түсе алады», – дейді, министрлік өкілдері. Бүгінде 70 университетпен тиісті келісім бар.

Фархат Айдарбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары:

- ҰБТ-ны тапсырмай оқуға түсетіндей мүмкіндіктері бар. Былтыр 2023 жылы 189 бала грантқа түсті. 400-дей бала ақылы түсті, бірақ ҰБТ-сыз.

Елде запастағы офицерлер де әскерге шақырылады. Университет қабырғасындағы кафедраны тәмамдап, лейтенант шенін алған 700 маман қызметке аттанады. Үкіметтің тиісті қаулысы да бар.

Фархат Айдарбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары:

- Олар кәдімгідей әскери бөлімдерде өздерінің міндеттерін 24 айдың ішінде жедел қызметтерін атқарады. Кейін өз еріктерімен әрі қарай жалғастыратын болса, келісімшартқа қол қойып, жалғастыруға болады. Әскерге шақырылғандға әскерден офицерлік жалақы алады.

Қазақстандық бітімгерлер Израиль мен Сирияның ортасындағы Голан жоталарына аттанады. 139 адамнан құралған рота наурыздың 14-і күні БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына атқаруға жөнелтіледі. Бұл ел тарихындағы елеулі оқиға. Өйткені бұған дейін қазақстандық әскерилер мұндай операцияларға өзге мемлекеттердің құрамында жүріп қатысқан.

Бауыржан Нығметуллин, ҚР Қорғаныс министрлігі бітімгершілік операциялар орталығының бастығы:

- Контингент дайын. Біз осы жұмадан бастап бірінші партиясын жіберуді бастаймыз. Ол деген дайындықтың өзі тек әскери дайындық емес, техникасы, заттары, алты айда Қорғаныс министрлігі, өзге министрліктер жан-жақты көмек көрсетті.

Жалпы қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарына 3 кезеңмен жөнелтілетін болады. Алғашқы сарбаздар Алматыдан Ақтау арқылы діттеген жерлеріне жіберіледі. Жоспар бойынша олар жұмысқа наурыздың 22-і күні кіріседі деп күтіледі.

Авторлары: Риат Шони, Мерей Талап