Әскери кадр дайындау. Графика

Global Fire-power порталы 145 мемлекеттің әскери әлеуеті бойынша жылдық рейтингін жариялайды.

Онда әскери құрылым, адами ресурс, бюджет, техникалық ахуал және өзге де бірқатар маңызды көрсеткіштерге басымдық берілген. Бұл тізімде Қазақстан 58-ші орынға жайғасты. Былтыр елімізде қорғаныс саласына 7 жарым  млрд доллар қаражат бағытталған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11%-ға көп.

Қорғаныс саласында енді білім беру жағына екпін салынады. Сол себепті  саладағы отандық әскери оқу орындарында мамандықтардың саны көбейіп, шетелде кадр даярлау үрдісі азайды. Жалпы, әскери институттардан 35 мыңнан астам офицер, кадет корпусынан – 4 мың сержант, «Жас ұлан» республикалық мектептерінен – 14 мың тәрбиеленуші түлеп ұшқан.