Ресейде Алғыс айту күнін атап өтетіндер бар

Қазақстан халқы Ассамблеясы – достастық пен татулықтың айқын үлгісі. Ресейліктер осындай пікірде.

Олардың айтуынша, мұндай құрылым адамдарды бейбітшілік пен татулыққа үндеп, мейірімділікке баулиды.

Еуразия халықтары Ассамблеясы мен «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қорының өкілі Марина Биесунова Ресейде тұрады. Бірақ кіндік қаны Қазақстанда тамған. Ұлты басқа болса да, тілегі бір азаматтың қазақы құндылыққа құрметі ерекше. Дастарқанынан қазақтың дәмі үзілмейді. Ет асып, бауырсақ пісіріп, домбыра күмбірін естігенді жаны сүйеді. Алғыс айту күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Марина Плясунова, Еуразия халықтар достастығы Ассамблеясының өкілі:

- Бұл – өте маңызды мереке. Меніңше, Алғыс айту күні басқа елдерде тойланбайды. Бұл – үлгі аларлық дүние. Жан-жағыңдағыларға алғыс айтып, барлық ризашылық сезіміңді жеткізу, кейінгі ұрпаққа үйрету – үлкен өнеге. Мұндай ізгі мереке әлем елдерінде де атап өтілуі керек деп ойлаймын. Мен қазақтарды нағыз мейірімді, тату әрі адал халық деп білемін.