Ақтауда тұрғындар үстел теннисін тегін ойнай алады

Ақтауда үстел теннисін енді кез келген тұрғын тегін ойнай алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы қалаға екі бірдей арнайы үстел орнатып берді. Жоспар бойынша облыс орталығының әр мөлтек ауданында дәл осындай алаңдар пайда болады. Тек осы айдың соңына дейін тағы бірнеше үстел қойылмақ.

Мақатай Рамазанұлы, қала тұрғыны:

- Біздің қала тұрғындарына, жазда, күн жақсы кезде жел болмағанда келіп ойнап, өзінің тәжірибесін жоғары көтеруіне, өзінің және де уақытын бос уақыттарын жақсы пайдалануға жақсы әсер береді деп ойлаймын.

Джамбулат Тангиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:

- Мұндай акция арқылы біз бұқаралық спортты дәріптегіміз келеді. Мемлекет басшысы бұл саланың маңыздылығын атап өткен болатын. Сондай-ақ. Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы қызметін көрсетіп қана қоймай, көпшілікті қайырымдылық іске шақырғымыз келеді.